«Nur Otan» партиясының атауын өзгерту ұсынылды

«Nur Otan» партиясы енді «Аманат» болады


01/03/2022
11:55 36289 0

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов отыз жыл билікте болған «Nur Otan» партиясының атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. 

 

«Біздің партиямыз елде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында жүр. Ашығын айтқанда, елмен бірге партияға да жаңару керек. Ол үшін тиісті өзгерістер жасалуы қажет. Осыған орай партияның табиғаты мен атын өзгертуді қажет деп есептейміз», — деді Қошанов. 

Бұдан бөлек, мәжіліс спикері партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Оның бұл ұсынысын президент Тоқаев та қолдады. 

 

 Бұл еліміз үшінұлтымыз үшін айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек...Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған — деді Тоқаев.

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/03/2022 11:55
36289 0

Уведомление